05.01.2011, 14:47 3480

Алматы облысында 32 адам қар құрсауынан құтқарылды

Алматы облысында 32 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 5 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында 32 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 4-қаңтар күні сағат 17.25 ТЖД жедел кезекшісіне Райымбек ауданының Сарыжаз бен Кемараши ауылдарының арасында қар құрсауында 32 адам, оның ішінде 5 бала, 6 жеңіл көлік пен 1 жүк көлігінің қалып қойғаны туралы хабар келіп түскен.

Бүгін сағат 00.15 жедел құтқару қызметі қар құрсауында қалған барлық адамдар мен көлік құралдарын алып шығып, оларды Сарыжаз бен Кемараши ауылдарына жеткізген.

Зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны