25.12.2009, 10:19 2579

Алматы облысында 43 адам мен 18 автокөлік қар бөгетінен шығарылды

Алматы облысында 43 адам мен 18 автокөлік қар бөгетінен шығарылды

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысысының Ақсу ауданы Талдықорған-Қапал автожолынан 43 адам мен 18 автокөлік қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шымбұлақ-2 аумағында қарлы боран қаупіне байланысты Қапал және Көшкентал кенттерінің арасында, желтоқсанның 24-і күні сағат 21.00-ден таңғы сағат 6.30-ға дейін адамдар мен машиналарды қауіпсіз жерге жеткізу іс-шарасы жүргізілді.

"Құтқарылғандардың арасында үсік шалғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Адамдарды көшіруге ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырды.

Сондай-ақ, ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ауа райының нашарлауына байланысты жолаушыларды тасымалдаушы автокөліктерге Қарағанды-Жезқазған автожолына шығуға тыйым салынды.

"Көктайғақтың болуына байланысты 24- желтоқсанда 9 сағат 30 минутта автожолдың Атасу кентінен Жезқазған қаласына дейінгі бөлігі жабылған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны