06.05.2011, 10:00 3410

Алматы облысында 4 жүк вагоны жолдан шығып кетті

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысының Үштөбе станциясында жүк пойызының төрт вагоны жөндеу пойызымен соқтығысу салдарынан рельстен шығып кеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 6 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында 4 жүк вагоны жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысының Үштөбе станциясында жүк пойызының төрт вагоны жөндеу пойызымен соқтығысу салдарынан рельстен шығып кеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бейсенбі күні күндіз РМ-405 жөндеу пойызы мен соңынан еріп келе жатқан Ақтоғай-Алматы бағытындағы жүк құрамы соқтығысып қалған", - деп көрсетілген жұмада таратылған хабарламада.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ақпараты бойынша жүк пойызының қозғалысы жеті сағаттан кейін жанданған. ТЖ жоюға 67 қызметкер мен "Қазақстан Темір Жолы" Үштөбе станциясының апаттық-қалпына келтіру пойызы, Алматы облысы ТЖД-ның 4 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны