17.07.2013, 18:02 4643

Алматы облысында 5 жастағы бүлдіршін суға батып кетті

Тәртіп сақшылары Алакөл ауданына қарасты ауылдардың бірінде қаза тапқан 5 жастағы баланың өлімі бойынша тергеуалды тексеру жұмыстарына кірісті.

Талдықорған. 17-шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысында 5 жастағы бүлдіршін суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тәртіп сақшылары Алакөл ауданына қарасты ауылдардың бірінде қаза тапқан 5 жастағы баланың өлімі бойынша тергеуалды тексеру жұмыстарына кірісті.

Бүлдіршіннің мәйіті Балапанов ауылындағы көшелердің біріндегі шұңқырдан табылған.

Таяуда көше бойымен тартылған су құбыры сыр беріп, тұрғындар жарылған жерді тауып, құбырды жөндеу үшін үлкен шұңқыр қазып қойған. Кешкі сағат 10-нан кейін көшеде өтіп бара жатқандардың бірі суға толы шұңқырдың бетінде қалқып жүрген баланың денесін көрген. Қыздың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды, әзірге оқиға жазатайым жағдай ретінде қарастырылуда.

Балғынның қаза табуының себептерін анықтау мақсатында Алакөл АІІБ тиісті сараптамалар тағайындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны