12.04.2013, 15:01 4014

Алматы облысында 9 жасар қызды зорлаған педофил қолға түсті

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға Сарқан ауданында орын алған. Лепсі ауылының тұрғыны 2004 жылы туған қызын зорлап кеткені туралы полицейлерге шағым түсірген.

Талдықорған. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысының полицейлері 9 жасар қызды зорлады деген күдікпен 32 жастағы азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға Сарқан ауданында орын алған. Лепсі ауылының тұрғыны 2004 жылы туған қызын зорлап кеткені туралы полицейлерге шағым түсірген.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, педофил мектепке бара жатқан қызды ұстап алып, қараусыз қалған элеватор ғимаратына апарып зорлаған.

Оқиға орнын тексерген полицейлер жақын маңнан спорттық киімдерді тапқан. Оқушы қыз өзін зорлаған адамның киімдері екенін таныған. Жедел шаралар барысында тәртіп сақшылары ішімдікке сылқия тойып алған 32 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазір ол Сарқан аудандық ІІБ қамауға алған, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны