04.05.2010, 09:27 1468

Алматы облысында абайсызда өзенге құлап кеткен Ұлыбритания азаматшасының мәйітін іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысында абайсызда өзенге құлап кеткен Ұлыбритания азаматшасының мәйітін іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысының Ұйғыр ауданы Шарын шатқалында абайсызда өзенге құлап кеткен Ұлыбритания азаматшасының мәйітін іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "3 мамырда сағат 15.30-да Шарын каньонында жағалауды бойлай қыдыру барысында 67 жастағы Ұлыбритания азаматшасы Шарын өзеніне құлады, оның мәйітін су ағынымен төмен алып кеткен".

Іздестіру -құтқару жұмыстарына Алматы облыстық ТЖД-нің 23 адамы мен 3 техникасы, сондай-ақ, ҚР ТЖМ "Қазавиаспас" МБ-ның тікұшағы жұмылдырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны