20.12.2009, 10:12 2998

Алматы облысында әкімшілік ғимаратында өрт шықты, ешкім құрбан болған жоқ

Алматы облысында әкімшілік ғимаратында өрт шықты, ешкім құрбан болған жоқ

Астана. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қарасай ауданы Таусамалы кентіндегі әкімшілік ғимаратында кеше өрт шықты, ешкім құрбан болған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бір қабатты көпфункциялы әкімшілік ғимаратында 19 желтоқсанда сағат 03.16-да 100 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының күшімен 04 сағат 50 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны