06.05.2010, 09:47 1275

Алматы облысында "Алматы-Бішкек" тас жолында болған апаттан екі адам қаза тапты

Алматы облысында "Алматы-Бішкек" тас жолында болған апаттан екі адам қаза тапты

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында "Алматы-Бішкек" тас жолында болған жол апатынан 2 адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5-мамыр күні сағат 21.30-да Алматы облысында "Хюндай" мен "ЗИЛ" автокөліктері соқтығысқан. Жол апатының салдарынан "Хюндайдың" жүргізушісі мен оның бір жолаушысы мерт болды. Қалған төрт жолаушысы, оның ішінде 10 жастағы бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны