29.12.2010, 14:12 3034

Алматы облысында әскери бөлімше клубының төбесі құлап, жеті адам зардап шекті

Алматы облысының Үшарал қаласындағы №9807 әскери бөлімше клубының төбесі құлап, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 29 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Үшарал қаласындағы №9807 әскери бөлімше клубының төбесі құлап, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 28 желтоқсан күні әскери қызметкерлер мереке қарсаңында залды безендірумен айналысып жатқанда, төбеден құлаған темір-бетон жабынды 7 әскери қызметкерді басып қалған.

Зардап шеккендер үйіндінің астынан әскери бөлім қызметкерлерінің өз күштерімен шығарылды және әртүрлі дене жарақаттармен бөлімнің лазареті мен Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны