02.07.2013, 10:46 2690

Алматы облысында әскери қызметшілер жол апатынан қаза тапты

BNews.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, жол апаты кеше таңертеңгі сағат сегіздің шамасында "Талдықорған-Текелі" автожолында орын алған. 28-ші шақырымда әскери бөлімдердің бірінде қызмет жасайтын 28 жастағы "Мицубиси Галант" жүргізушісі Жетісу кентінің маңында қарсы бетке шығып кетіп, "Ауди-80" көлігімен соқтығысқан.

Талдықорған. 2-шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысында әскери қызметшілер жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, жол апаты кеше таңертеңгі сағат сегіздің шамасында "Талдықорған-Текелі" автожолында орын алған. 28-ші шақырымда әскери бөлімдердің бірінде қызмет жасайтын 28 жастағы "Мицубиси Галант" жүргізушісі Жетісу кентінің маңында қарсы бетке шығып кетіп, "Ауди-80" көлігімен соқтығысқан.

"Мицубиси" көлігінде 4 жігіт болған. Олардың екеуі 25 жастағы Б. мен 28 жастағы С. оқиға орнында жан тапсырды. 27 жастағы М. деген жолаушы Текелі қалалық орталық ауруханасына жеткізілді",-деді С.Изірбек.

ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің мәліметіне қарағанда, екі көліктің жүргізушілері де аман. Жол-көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны