19.03.2007, 14:03 3000

Алматы облысында атыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 9 адам жараланды

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы облысында атыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 9 адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18-наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылында 50 адамның қатысуымен атыс болған. "Төтенше оқиғаның салдарынан 9 адам жараланып, олардың үшеуі ауруханада көз жұмған", деп хабарлайды мекеме. Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, қақтығысқа қатысушыларға тиесілі "Мицубиси Паджеро" автокөлігі мен үй қасақана өртеп жіберілген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қақтығыс толық тиылып, оқиға орнында қоғамдық тәртіп қамтасамыз етілді. "Қасақана кісі өлтіру және қасақана бөтеннің мүлкін жою деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Облыстық ІІД, ҰҚКД және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен шұғыл штаб құрылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны