15.01.2010, 09:57 1709

Алматы облысында Балхаш көліне балық аулауға кеткен төрт адамды іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда

Алматы облысында Балхаш көліне балық аулауға кеткен төрт адамды іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда

Астана. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында Балхаш көліне балық аулауға кеткен төрт адамды іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төрт күн бұрын Алматы облысы Сарқанд ауданында Балқаш көліне көліктерімен балық аулауға кетіп, қайта оралмаған 4 балықшы әлі табылған жоқ, кешегі сағат 18.00-дегі жағдаймен іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді",- делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 13 ақпанда Сарқанд ауданында сағат 08.45-те Қарашаған ауылдық округінің әкімінен 12 қаңтарда УАЗ автокөлігімен Балқаш көліне 30, 21, 38 және 22 жастағы төрт жігіт балық аулауға шығып, қайта оралмағаны туралы хабар түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Сарқанд ауданының судан құтқару қызметі: 4 адам мен 1 техника; 7 жергілікті тұрғын мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖМ мәліметінше, "Атжайлау", "Ала аяқ", "Полигон", "Қарашығанақ" , "Птичий остров" бөліктері тексерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны