14.01.2010, 09:36 1713

Алматы облысында Балхаш көліне балық аулауға кеткен төрт адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысында Балхаш көліне балық аулауға кеткен төрт адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Астана. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында Балхаш көліне балық аулауға кеткен төрт адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Сарқанд ауданында сағат 08.45-те Қарашаған ауылдық округінің әкімінен 12 қаңтарда УАЗ автокөлігімен Балқаш көліне 30, 21, 38 және 22 жастағы төрт жігіт балық аулауға шығып қайта оралмағаны туралы хабар түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Сарқанд ауданының судан құтқару қызметі: 4 адам мен 1 техника; 7 жергілікті тұрғын мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖМ мәліметінше, "Атжайлау", "Ала аяқ", "Полигон", "Қарашығанақ" , "Птичий остров" бөліктері тексерілді.

Кешегі сағат 19.00-дегі жағдаймен іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ. Бүгін іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "Алакөл ауданында Көктума және Ақши кенттері арасында Алакөл көлінде кеше сағат 13.00-де балық аулап жүріп, 5 адам бөлінген сеңнің үстінде қалып қойды. Сең жағалаудан 700 - 800 метр қашықтықта болған. Сағат 15.30-да Алакөл ауданының судан құтқару қызметі балықшыларды құтқарып, моторлы қайықпен жағалауға жеткізді. Ешкім зардап шеккен жоқ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны