27.01.2009, 09:44 1417

Алматы облысында бір ер адам снарядты арамен кесіп жатқан кезде ол атылып кетті, құрбан болған және зардап шеккендер жоқ

Алматы облысында бір ер адам снарядты арамен кесіп жатқан кезде ол атылып кетті, құрбан болған және зардап шеккендер жоқ

Астана. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында бір ер адам снарядты арамен кесіп жатқан кезде ол атылып кетті, құрбан болған және зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 26 қаңтарда сағат 13.30-да Алматы облысының Жамбыл ауданында Матыбұлақ ауылының Қонаев көшесінде жер үйдің ауласында 45 жастағы ер адам 122-миллиметрлік снарядты арамен кесіп жатқан, сол кезде әлгі атылып кету салдарынан көрші үйді зақымдаған. Ешкім құрбан болған жоқ және ешкім зардап шеккен жоқ.

Жүргізілген іс-шаралардың барысында үйдің ауласынан 16 дана 122-миллиметрлік снарядтар табылды. Заттарды ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері жою үшін алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны