01.06.2009, 16:51 3153

Алматы облысында БМП-2 зеңбірегінен түнгі атыстар жасауға бағытталған оқу-жаттығулар кезінде бір курсант қаза тауып, біреуі жарақаттанды - газет

Алматы облысында БМП-2 зеңбірегінен түнгі атыстар жасауға бағытталған оқу-жаттығулар кезінде бір курсант қаза тауып, біреуі жарақаттанды - газет

Алматы. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында 30 миллиметрлік автоматты БМП-2 зеңбірегінен түнгі атыстар жасауға бағытталған оқу-жаттығулар кезінде бір курсант қаза тауып, біреуі жарақаттанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Мегаполис" газетіне сілтеме жасап.

"Оқу полигонында түнгі атыстар кезінде курсант 30 миллиметрлік автоматты БМП-2 зеңбірегінен нысананың орнына көрші экипажға қаратып оқ атқан. Басынан жарақаттанған Қанат Қайырғали оқиға орнында жан тапсырды. Экипаждың екінші мүшесі Мұхтар Алтынбеков контузиямен және басынан жарықшық тиген ауыр жарақатпен әскери-клиникалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды газет.

Жаяу әскерлердің әскери институты басшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жолшы Жанаевтың айтуынша, бұл оқиға 25 мамырда шамамен сағат 22.30 кезінде болған.

"Дәріскерлер БМП-2 зеңбірегінен бірінші бақылау атысын жасаған. Олар мемлекеттік емтихан тапсыруға дайындық жасап жүрген. Атысты подполковник Ташков пен атыс дайындығы кафедрасының аға оқытушысы полковник Харитонов басқарған. Бастапқы шепке үш экипаж шыққан. Курсант Тойлыбаев екінші экипаждың дәлдеуші -операторы кешіге атып, бірінші экипаждың мұнарасына оқ тигізген", - деді ол.

"Снаряд көршілес көліктің мұнарасына тиген. Соның салдарынан 7-ші ротаның 4-ші курсының дәріскері Қ. Қайырғали басынан жарақаттанып, қаза тапты. ІІМ-нің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады", - деп нақтылайды басылым.

ҚР Қорғаныс министрлігі комиссиясының төрағасы полковник Геннадий Лукашенконың айтуынша, "бұл жерде адами фактор себеп болған. Екінші экипаждың дәлдеуші -операторы көрші экипаждың габариттік оттарын нысананың жарығы екен деп ойлап зеңбірекпен атып жіберген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны