04.10.2017, 11:09 10284

Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды

Кеше Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында министрлікте арнайы комиссия құрылды. Бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр басшылығымен комиссия мүшелері авиациялық оқиға орын алған жерге аттанды. Оқиғаныӊ анық-қанығы жақын арада белгілі болады

Астана. 4 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Министр өз парақшасында былай деп жазады:

"Кеше Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында министрлікте арнайы комиссия құрылды. Бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр басшылығымен комиссия мүшелері авиациялық оқиға орын алған жерге аттанды. Оқиғаныӊ анық-қанығы жақын арада белгілі болады.

Авиа апатынан қаза тапқан экипаж мүшелері - әуе кемесініӊ командирі Геннадий Цой, екінші пилот Евгений Кутафин, авиатехник Бейшибек Ахматбаев, Акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығыныӊ профессоры, дәрігер акушер-гинеколог Патсаев Талғат Анапиұлы мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтыныӊ реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлыныӊ жақындары мен туыстарына қайғырып көӊіл айтамын".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны