01.08.2006, 10:12 2746

Алматы облысында болған екі жол апатынан он адам мерт болып, үшеуі жараланды

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы облысында болған екі жол апатынан он адам мерт болып, үшеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, Жамбыл ауданында төрт автокөліктің соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жексенбі күні кешке Алматы-Бішкек тас жолының 115-ші шақырымында "Сузуки" джипі, "Ауди-80" мен ішінде 30 адам отырған "Сетра" автобусы мен жолдың жиегінде тұрған "КамАЗ" автокөліктері соқтығысып қалған. Апат салдарынан джиптің жүргізушісі, оның үш жолаушысы мен "Ауди" көлігінде отырған екі жолаушы қаза тапты. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның тағы екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір апат Алакөл ауданында болды. Дүйсенбі күні түстен кейін Бескөл-Жайпақ тас жолының 6-шақырымында "БМВ" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы, соның ішінде жеті жасар қыз жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны