27.01.2016, 21:16 5177

Алматы облысында бортында 5 адам болған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалып кетті

Алматы облысында Алакөл аудандық ауруханасынан анасы мен кішкентай баласын тасымалдаған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалған

Алматы. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында Алакөл аудандық ауруханасынан анасы мен кішкентай баласын тасымалдаған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін сағат 17:47-де ҚР ТЖД-ніӊ кризистік орталығынан сағат 17:10-да Талдықорған әуежайында қонуы тиіс болған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД-нен хабарлағандай, тікұшақ сағат 15:45-те Үшарал қаласында сәтті қонып, бортына анасы мен 2 айлық баланы алып, оларды Талдықорған ауруханасына жеткізуі тиіс болған.

Тікұшақ бортында ұшқыш, гематолог дәрігер, санавиция фельдшері, кішкентай бала және оныӊ анасы болған.

Қазіргі кезде жоғалғандарды іздеуге 75 адам жіберілді.

Алдын ала нұсқа бойынша, тікұшақ Алматы облысыныӊ Қызылағаш аулыныӊ ауданында жоғалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны