20.04.2016, 16:47 5872

Алматы облысында букмекерлік кеӊсеніӊ 32 жастағы қызметкерін өлтіріп кетті

"Ұсталған ер адамныӊ берген айғақтары бойынша, оны қылмысқа итермелеген екеуініӊ арасында туындаған жанжал. Ол тап берген кезде әйел дабыл нүктесін басып, күзетшілерді шақырып үлгерген", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Кеше Іле ауданы Боралдай кентінде орналасқан букмекерлік кеӊселердіӊ бірінде 32 жастағы әйелді өлтіріп кеткен. Оны аяусыз ұрып-соғып, ақыр соӊында буындырып өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ийелді бұрын сотталған Қарасай ауданыныӊ 28 жастағы тұрғыны өлтірді деген күдік бар, оны букмекерлік кеӊсеге қызмет көрсететін фирманыӊ күзет қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Ұсталған ер адамныӊ берген айғақтары бойынша, оны қылмысқа итермелеген екеуініӊ арасында туындаған жанжал. Ол тап берген кезде әйел дабыл нүктесін басып, күзетшілерді шақырып үлгерген", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Кісі өлімі фактісі бойынша сот алды тергеу басталды. Күдікті УҰИ қамалды.

"Заттай айғақ ретінде жәбірленушініӊ 20700 теӊгемен әмиәні тәркіленді", - деп атап өтеді облыстық полициядан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны