08.04.2011, 12:06 3369

Алматы облысында екі адамды қар көшкіні басып қалды

Алматы облысында екі адамды қар көшкіні басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында екі адамды қар көшкіні басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысының Талғар ауданындағы "Ақ бұлақ" спорттық-сауықтыру кешенінің тау шаңғысы трассасында қар көшкіні болып, көшкін басып қалған екі адам іздестірілуде.

Қар көшкіні кеше сағат екі жарым кезінде болған. Оның көлемі 1 млн. текше метрді құраған.

Белгілі болғандай, қар астында "Ақ бұлақ" ССК шаңғы патрулінің 43 жастағы бастығы мен "Родон" ЖШС директорының 30 жастағы орынбасары қалып қойған. Олар тыйым салынған жерде шаңғы теуіп, қар көшкінің туындауына себепші болған.

Қазір адамдарды іздестірумен ҚР ТЖМ "Республикалық шұғыл-құтқару жасағы" ММ-ның 27 қызметкері мен 3 техникасы, Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы және Спорттық-сауықтыру кешенінің 10 қызметкері айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны