05.04.2010, 10:11 1405

Алматы облысында екі бала жарықшақтан жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды - ІІД

Алматы облысында екі бала жарықшақтан жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды - ІІД

Алматы. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы Жаркент қаласының аудандық ауруханасына кеше жарықшақтан жарақаттанған екі бала жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "4 сәуірде сағат 14-те Жаркент қаласының аудандық ауруханасына 1998 және 2003 жылы туған екі ұл бала жарықшақтан жарақаттанып жатқызылды. Олар Ақбұлақ ауылында тұрады".

"Балалардың айтуынша, олар ауылдың шетінде алау жағып жүргенде белгісіз зат жарылып кеткен", - деп хабарладйы ІІД.

"Оқиға орнына ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының, жедел тергеу тобының, Жаркент қалалық криминалдық полициясы бөлімінің, прокуратура мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері барды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны