26.09.2008, 09:48 1351

Алматы облысында екі жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, біреуі зардап шекті

Алматы облысында екі жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, біреуі зардап шекті

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында екі жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Қарасай ауданында Шамалған - Тұрар тас жолының 3-ші шақырымында 25 қыркүйекте сағат 13.45-те ВАЗ және "Хово" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен оның көлігінде отырған 19 жастағы бала оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен бірге, Алматы облысының Алакөл ауданы Балапаново ауылында 25 қыркүйекте сағат 21.00-де Т-40 тракторының тіркемесі өзіндігінен ажырап кетіп, аударылды.

Соның салдарынан тіркемеде отырған екі әйел оқиға орнында қаза тауып, тағы бір әйел ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны