14.02.2007, 14:26 2998

Алматы облысында электр желілеріндегі апат салдарынан бірқатар елді мекендер бір тәуліктен астам жарықсыз қалды

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы облысының екі ауданында электр желілеріндегі апат салдарынан бірқатар елді мекендер бір тәуліктен астам жарықсыз қалды, деп хабарлады сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

12 ақпанда 16.05-те желілердің қатып қалуына байланысты электр желілерінің үзілуі салдарынан Ақсу ауданының Молалы, Көшкентал, Жаңалық, Қызылту, Қызылағаш, Қарашілік секілді алты ауылдық округтерінде бір тәуліктен астам уақыт жарық берілмей қалды.

Сондай-ақ, осы күні 14.30-да күн райына байланысты Қаратал ауданында да электр желілері үзілген. Ведомствоның баспасөз қызметіне хабарлағандай, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы жұмыстарды тоқтатпау үшін электр қуатын беретін апаттық желілер тартылған. Дегенмен де, "кезекпен электр қуатын беру аясына Көкберлік, Алмалы, Ажар, "1 Май", Жасталап ауылдарындағы бес мектеп, үш шаруашылық нысандары мен Үштөбедегі екі мектеп кірмей қалды", деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

13-ақпан күні кешке екі ауданда да апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, электр қуаты қалыпты жағдайда берілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны