23.01.2012, 12:14 3069

Алматы облысында газ баллонының жарылуы салдарынан бір бала мерт болды

Оқиға сенбі, 21 қаңтар күні сағат 01.42е Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы жеке тұрғын үйде орын алан. Газ баллонының жарылуы салдарынан 40 шаршы метр аумақта үйдің қабырғасы мен төбесі құлап кеткен. Оқиға орнынан 9 жасар баланың мәйіті табылып, 41 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында газ баллонының жарылуы салдарынан бір бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сенбі, 21 қаңтар күні сағат 01.42е Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы жеке тұрғын үйде орын алан. Газ баллонының жарылуы салдарынан 40 шаршы метр аумақта үйдің қабырғасы мен төбесі құлап кеткен. Оқиға орнынан 9 жасар баланың мәйіті табылып, 41 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

ТЖ салдарын жоюға ҚР ТЖМ-нің Алматы облысы бойынша ТЖД жеке құрамының 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны