22.12.2010, 15:00 2837

Алматы облысында Іле өзенінде жүрген балықшылардың қайығы аударылып кетіп, бір адам мерт болды

Алматы облысында Іле өзенінде жүрген балықшылардың қайығы аударылып кетіп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 22 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысында Іле өзенінде жүрген балықшылардың қайығы аударылып кетіп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 16.00 Айдарлы аулында Іле өзенінде жүрген екі балықшының қайығы аударылып кеткен. Соның салдарынан 29 жастағы жігіт суға батып кеткен. Жақын маңда болған куәгерлер оның денесін су астынан 10 минуттан кейін алып шыққан.

Ал 30 жастағы екінші балықшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны