19.01.2009, 09:57 1682

Алматы облысында Қайназар ауылының 12 тұрғыны "ботулизм" деген алдын-ала диагнозбен ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында Қайназар ауылының 12 тұрғыны "ботулизм" деген алдын-ала диагнозбен ауруханаға жатқызылды

Астана. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында Қайназар ауылының 12 тұрғыны "ботулизм" деген алдын-ала диагнозбен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 18 қаңтарда сағат 16.00-де Алматы облысының Жамбыл ауданы Қайназар ауылынан Ұзынағаш аудандық ауруханасына кәдіден (баклажан) жасалған салатты жеуден кейін "ботулизм" деген алдын-ала диагнозбен ауруханаға 12 адам жатқызылды.

Эпидемилогиялық қадағалау қызметтері алдын-алу шараларын жүргізуде, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны