19.10.2009, 09:57 1647

Алматы облысында КамАЗ көлігі газ құбырына соғылу салдарынан бір үй өртенді

Алматы облысында КамАЗ көлігі газ құбырына соғылу салдарынан бір үй өртенді

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында КамАЗ көлігі газ құбырына соғылу салдарынан бір үй өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Алматы облысының Қарасай ауданы Каменка кентіндегі Рысқұлов көшесінде 19 қазанда сағат 04.26-да КамАЗ жүргізушісі диаметрі 159 миллиметрлік орта қысымды газ құбырына соғылды. Соның салдарынан жарылыс болып, сол маңдағы бір жер үйде 100 шаршы метр аумақта өрт шықты".

"Газдың көлемі анықталу үстінде", - деп хабарлайды ТЖМ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өртті Алматы мен Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменттерінің өрт сөндіру қызметтері сағат 06.00-де сөндірді, оған 11 адам мен 3 техника тартылды.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, мыңдаған абоненттер газсыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен "Тәуекел" ЖШС шұғылдануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны