13.10.2006, 08:54 2945

Алматы облысында қуаты 5 балл, Алматыда 2-3 балл жер сілкінісі болды

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. Алматы облысында қуаты 5 балл, Алматыда 2-3 балл жер сілкінісі болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметіне сәйкес, 13-қазанда Астана уақытымен 6 сағат 42 минутта Алматы облысының аумағында (Қаратаудың оң жақ бөктері, Нарынқол ауданында) энергетикалық классы 13-ке тең жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстіке-шығыс бағытта 250 шақырымда тіркелген.

Сілкініс ошағында 5 балл , Алматыда 2-3 балл шамасында жер асты дүмпуі сезілді. Құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет келіп түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны