15.06.2009, 12:43 1250

Алматы облысында қуаты 6 - 7 балл жер сілкінісі болды, құрбан болғандар жоқ (толықтырылған)

Алматы облысында қуаты 6 - 7 балл жер сілкінісі болды, құрбан болғандар жоқ (толықтырылған)

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Текелі қаласында 13 маусым күні түнде қуаты 6 - 7 балл жер сілкінісі болды, құрбан болғандар жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы облысының Текелі қаласында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырымда болған. Сілкініс қуаты MSK-64 өлшемі бойынша 6 - 7 балл болды. Талдықорғанда қуаты 5 - 6 балл, Алматыда 3 - 4 балл жер асты дүмпулері сезілді.

"Сейсмология Институты" ЖШС мәліметінше, 2009 жылдың маусым айының 11 мен 17 аралығында Алматы болжам полигонының аумағында сілкініс ошағында MSK-64 өлшемі бойынша магнитудасы 7 балл жер сілкінісі болмайды деп күтілуде.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 маусымдағы сағат 16.30-дағы жағдаймен бастапқы тексерулер қорытындысы бойынша 221 үйге түрлі деңгейде ақау келген.

Текелі қаласының мынадай нысандарында: сегіз пәтерлі екі қабатты үш үйде, бұған дейін биыл сейсмологиялық тұрғыдан күшейту үшін күрделі жөндеу жасау қарастырылып отырған 370 орынды №1 орта мектеп, қарттар үйі, "Уют" атты жекеменшік қонақүй, Спорт сарайында түрлі дәрежедегі ақаулар пайда болды.

ТЖД мәліметінше, үш тұрғын үйдің 18 отбасы күрделі жөндеуден өткізілген 37 пәтерлі тұрғын үйге көшірілмекші.

Бұған қоса, Қырғызстанның Сейсмология институтының хабарлауынша, жер сілкінісі Қырғызстанда да сезілген. Бішкекте қуаты 2 балл, Ыстықкөл облысының Қаракөл қаласында қуаты 3 балл жер асты дүмпулері сезілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны