21.01.2010, 09:49 1586

Алматы облысында күн райының нашарлауы салдарынан Алматы-Үрімжі бағытындағы жолаушылар пойызы бір тәуліктен бері тұрып қалды

Алматы облысында күн райының нашарлауы салдарынан Алматы-Үрімжі бағытындағы жолаушылар пойызы бір тәуліктен бері тұрып қалды

Астана. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында күн райының нашарлауы салдарынан Алматы-Үрімжі бағытындағы жолаушылар пойызы бір тәуліктен бері тұрып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше сағат 12.55-те күн райының нашарлауы салдарынан Бескөл станциясында Алматы-Үрімжі бағытындағы №54 жолаушылар пойызы одан әрі қозғалысын жалғастыра алмай қалды".

"Темір жол төсенішін тазарту жұмыстары күн райына байланысты уақытша тоқтатылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны