16.03.2011, 14:45 13949

Алматы облысында лай көшкін болды

Алматы облысында лай көшкін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында лай көшкін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні түнде Алматы облысы Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан Іле Алатауында лай көшкіні жүрген.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, көшкін "Алматы-Алмаарасан" автожолының 19-шы шақырымында орналасқан "Тау-дастархан" кешені мен "Лия" дәмханасының арасына түсті. Молынан жауған жаңбыр суының салдарынан төмен құлдилаған лайдың көлемі 200 текше метрді құрады.

Құтқарушылардың ақпаратынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек "Лия" дәмханасының шатыры мен қабырғасы жартылай зақымданды.

Төтенше жағдайды жоюға 40 адам мен 9 техника жұмылдырды, соның ішінде Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 7 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ Республикалық шұғыл-құтқару жасағының 12 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ "Қазселқорғау" МБ-ның 5 адамы мен 1 техникасы бар.

Қазіргі уақытта автожол лайдан тазартылды. Жол полициясы қызметкерлері аумақты бақылауға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны