29.11.2012, 18:29 3689

Алматы облысында Ми-8 тікұшағы экипажының барлық мүшелерінің денелері табылды

"18 сағат 30 минутта оқиға орын алған жерде мерт болған 6 адамның денесі, кейін тағы екі адам табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Талдықорған. 29-қараша. Kazakhstan Today - Алматы облысында Ми-8 тікұшағы құлаған ауданда экипаждың барлық мүшелері мен жолаушыларының денелері табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"18 сағат 30 минутта оқиға орын алған жерде мерт болған 6 адамның денесі, кейін тағы екі адам табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін 16 сағат 03 минутте тікұшақтың бөліктері алдын-ала мәлімет бойынша Алакөл ауданында табылды.

17 сағат 15 минутта Алматы облысы ТЖД-нің жедел тобы оқиға орнына келіп, ақпарат расталды.

Тікұшақ құлаған жерге әуе саласының мамандары мен жедел-тергеу тобы ұшып шығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны