22.06.2010, 12:44 2547

Алматы облысында нөсерлей жауған жаңбыр көпірді шайып кетті - ТЖМ

Баспасөз қызметінің хабарламасында, "кеше сағат 09.00 Алматы - Космостанция тасжолының 19 шақырымында нөсерлей жауған жаңбыр салдарынан Күмбел өзенінің су деңгейі көтеріліп, темірбетонды көпірдің оң жағын шайып кетті, су шайып кеткен аумақтың ұзындығы 4 - 5 метр, ал ені 6 метрге жетіп отыр" деп көрсетілген.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысында нөсерлей жауған жаңбыр көпірді шайып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарламасында, "кеше сағат 09.00 Алматы - Космостанция тасжолының 19 шақырымында нөсерлей жауған жаңбыр салдарынан Күмбел өзенінің су деңгейі көтеріліп, темірбетонды көпірдің оң жағын шайып кетті, су шайып кеткен аумақтың ұзындығы 4 - 5 метр, ал ені 6 метрге жетіп отыр" деп көрсетілген.

Сондай-ақ хабарламады, елді-мекендерді су басу қаупі жоқ, деп көрсетілген.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға "Прогресс" ААҚ 7 техникасы мен 20 адам жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны