06.10.2006, 10:16 3100

Алматы облысында өрт салдарынан автовоз бен сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 6-қазан. Kazakhstan Today. Алматы облысында өрт салдарынан автовоз бен сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Іле ауданында Алматы-Қарағанды тас жолының 128-шақырымында 5-қазанда 21 сағат 20 минутта тоғыз жеңіл автокөлікті әкеле жатқан "Вольво" автовозының жанармай құятын багында жанармай тұтанды.

Апат салдарынан автовоз бен сегіз жеңіл автокөлік өртеніп кетті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі анықталу үстінде. Өртті 21 сағат 50 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 5 адамы мен 1 техникасы сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны