08.05.2009, 10:05 1183

Алматы облысында подстанциядағы апат салдарынан 70 жер үй жарықсыз қалды

Алматы облысында подстанциядағы апат салдарынан 70 жер үй жарықсыз қалды

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында подстанциядағы апат салдарынан 70 жер үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Ескелді ауданы Сырымбет кентінде "7 мамырда сағат 15.35-те №560102 (160 кВ) трансформаторлы подстанциясында қысқаша тұйықталу болып, оның соңы 2 шаршы метр аумақты шарпыған өртке ұласты. Апат салдарынан 70 жер үй жарықсыз қалды.

Өрт Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының көмегімен 16 сағат 30 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны