22.01.2007, 15:49 3097

Алматы облысында Шу қаласының тұрғыны 55 кг марихуанамен ұсталды

АСТАНА. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы облысында Шу қаласының тұрғыны 55 кг марихуанамен ұсталды, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының ІІМ есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінен.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, 20-қаңтар күні түнде Алматы - Астана тас жолының бойында орналасқан Үлкен бекетіндегі "Рубеж-есірткі" өткелінде Алға ауылының 50 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан "Ауди" көлігі ұсталған. "Көлікті тінту барысында оның жүксалғышынан Танга атты иісшіл ит есірткі заттары салынған екі шаруашылық сөмкесін тапты",- дейді полицейлер. Кейіннен жүргізілген сараптама нәтижесінде сөмкеде 55 килограммға жуық марихуананың болғандығын анықталды.

Алдын-ала тергеу барысында, есірткі Шу қаласының тұрғыны "Ауди" көлігінде келе жатқан жолаушыға тиесілі екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта, жеткізілім арнасын жою бойынша бірқатар жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, Алматы облысындағы аталмыш қылмыстың ұйымдастырушылары мен қылмысқа қатысы барлар анықталуда.

Сонымен қатар, есірткі бақылау комитетінің ақпараттарына сүйенсек, өткен жексенбіде Павлодар облысының полицейлері Ресейден Павлодарға героин тасымалдайтын екі арнаны жапқан. Іс-шаралар нәтижесінде есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатушы Ресейдің үш азаматын және тінту барысында 318 г шамасында героин әкеле жатқан бір есірткі өткізушіні құрықтаған.

Сондай-ақ, Қостанайда облысының есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері 45 жастағы есірткі сатушыны құрықтаған. Облыс орталағының жұмыс істемейтін тұрғынынан 112 г апиын табылып, тәркіленді. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция аталмыш қылмысқа қатысты адамдар мен жеткізу жолдарын анықтауға қатысты іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны