10.04.2013, 16:28 3348

Алматы облысында тағы бір адамның мәйіті табылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, полицейлер ер адамның соққыға жығылғанын жоққа шығармайды. Биологиялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның жасы мен ұлтын анықтау да мүмкін болмай отыр. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін оның дененсі мәйітханаға жөнелтілді.

Астана. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Оның жеке тұлғасы анықталған жоқ. Мәйіт 6 сәуірде сағат 15:55-те Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Таутүрген аулының маңынан табылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, полицейлер ер адамның соққыға жығылғанын жоққа шығармайды. Биологиялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның жасы мен ұлтын анықтау да мүмкін болмай отыр. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін оның дененсі мәйітханаға жөнелтілді.

Мәйіт сұр түсті төсек жабдығына ораулы болған.

"Сондай-ақ, кеше таңертең "Алматы - Көкпек - Көктал" тас жолының 134 км-де табылған жанып кеткен мәйітке қатысты қосымша мәлімедеме ба. Оның үстінде қара түсті күртеше, қара трико мен қара түсті шұлық болған деп хабарладық. Енді нақтылаймыз: Оның күртешесі қою көк түсті, триконың ішінде жылы киім, бірі сұр, бірі қара түсті 2 шұлық болған", - деді Алматы облысы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Мақсат Илімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны