04.05.2011, 12:45 3628

Алматы облысында тағы да жер сілкінді

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысында тағы да жер сілкінісі орын алды, эпицентрі Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 75 шақырымда орыналасқан. Бұл туралы Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Астана. 4 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысында тағы да жер сілкінісі орын алды, эпицентрі Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 75 шақырымда орыналасқан. Бұл туралы Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мекеменің мәліметтеріне сәйкес, жеп асты дүмпуі сағат 8.25 тіркелген.

"Еңбекшіқазақ ауданының Маловодное ауылы мен Тургень қаласында - MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық жер дүмпулері сезілген. Құрбан болғандар мен қираулар туралы мәліметтер жоқ",- деп көрсетілген хабарламада.

Өткен үш күн ішінде осы аумақта магнитудасы 2-5,5 балдық жер сілкіністер сериясы болды. Қазақстанның ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, құрбандар мен қираулар болған жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны