03.05.2011, 09:15 1649

Алматы облысында тағы да жер сілкінісі болды

Естеріңізге сала кетсек, Еуропалық сейсмологиялық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, алғашқы жер сілкінісі 1 мамырда Астана уақытымен сағат 08:31-де Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік шығысқа 110 шақырым қашықтықта болды.

Алматы. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысында тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Еуропалық сейсмологиялық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, алғашқы жер сілкінісі 1 мамырда Астана уақытымен сағат 08:31-де Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік шығысқа 110 шақырым қашықтықта болды.

Келесі жер асты дүмпуі сағат 09.05 тіркеліп, күші 4 балға жеткен. 3,2 балдық үшінші жер сілікінісі 1-мамыр күні сағат 10.07 тіркелген.

1-мамыр күні сағат 13.41, 15.13 және сағат 17.37 - 3,5, 4,8 және 4,9 балдық жер сілкіністері тіркелген.

Сонымен қатар, бүгін түнде де үш жер сілкінісі тіркелген.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2 мамырда Алматының солтүстік-шығысынан 70 км жерде бірнеше жер сілкінісі болған. Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институты Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының сайтында.

Орталықтың деректеріне сәйкес, "2 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 5.27-де Алматы қаласының (Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауында) солтүстік-шығысынан 70 км жерде жер сілкінісі болды".

"Эпицентр координаты: солтүстік ендіктің 43.59 градусы, шығыс ендіктің 77.69 градусы. Магнитуда mpv=3,7. Класс 9,2. Алматы қаласында жер сілкінісі 2-3 балды құрады", - делінген сайтта.

"25 минуттан кейін, 2 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 5.52-де сол ауданда жағдай қайталанды. Координаттар мынадай болды: солтүстік ендіктің 43.60 градусы, шығыс ендіктің 77.69 градусы. Магнитуда mpv=3,7. Класс 8,9", - делінген хабарламада.

"Тағы да сілкініс. ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институты Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының деректеріне сәйкес, 2 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 2.29-да Алматы қаласының (Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауында) солтүстік-шығысынан 70 км жерде жер сілкінісі болды. Эпицентр координаты: солтүстік ендіктің 43.75 градусы, шығыс ендіктің 77.65 градусы. Магнитуда mpv=4,2. Класс 10,5. Алматы қаласында жер сілкінісі 2-3 балды құрады", - делінген сайтта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны