22.04.2010, 10:03 1445

Алматы облысында тоғыз жасар қыз бала өзенге суға кетті

Алматы облысында тоғыз жасар қыз бала өзенге суға кетті

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында тоғыз жасар қыз бала өзенге суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 сәуірде Алакөл ауданының Қабанбай ауылындағы Шынжылы өзеніне сағат 19.00-де " тоғыз жасар қыз бала ойнап жүріп құлап, суға батып кетті". Баланың мәйітін өртке қарсы күрес қызметінің қызметкерлері 21 сәуірде сағат 18.00-де судан шығарып алды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, кеше тағы екі адам суға кетті. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Аманкөл ауылдық округінде сағат 14.30-да "35 жастағы ер адам Түнғатай көлі арқылы атпен өтемін деп суға батып кеткен. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, сондай-ақ, Атырау қаласының Еркінқала кентінде 26 жастағы жігіт Оралға батып кетті. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар сағат 12.35-те судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны