19.09.2008, 09:36 1690

Алматы облысында төрт бала улы өсімдіктен уланды

Алматы облысында төрт бала улы өсімдіктен уланды

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында төрт бала улы өсімдіктен уланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласында 18 қыркүйекте сағат 19.10-да белладонна гүлін тамаққа пайдаланғаннан кейін уланып қалған төрт бала ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі ауыр жағдайда, екеуі орташа ауыр жағдайда.

Белладонна (лат. Atropa belladonna) - аса улы өсімдік. Оның қошқыл күлгін түсті шиеге ұқсас гүлдері мен жемісі бар. Балалар 2-3 тал жемісінен де уланып қалады. Белладонна құрамында бірқатар алкалоидтар, соның ішінде атропин бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны