11.01.2012, 17:29 3622

Алматы облысында төрт жасар сәби бұзақының соққысынан көз жұмды

Алматы облысындағы Мәтібұлақ ауылдық ауруханасының алдында төрт жасар қыз анасының көз алдында жан тапсырған.

Алматы. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында төрт жасар сәби бұзақының соққысынан көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысындағы Мәтібұлақ ауылдық ауруханасының алдында төрт жасар қыз анасының көз алдында жан тапсырған.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, балаға сараптама жүргізуге келіспеген қыздың анасы сәбиінің мәйітін туған жері - Жамбыл облысына алып кеткен.

Бірақ полицейлер араласқаннан кейін сот-медициналық сараптама жүргізіліп, қыздың бас сүйектің жабық ми жарақатынан көз жұмғаны анықталды.

"Тексеру барысында әйелдің баласымен бірге Мәтібұлақ ауылынан 80 шақырым жерде орналасқан Қақпақты шаруашылығына жұмысқа жалданғаны белгілі болды. Ол өлім аузында жатқан баласын сол жақтан алып келген көрінеді", - деді ол.

К.Нұрахметтің айтуынша, Қақпақтыдағы жұмысшылар мен қыздың анасынан жауап алу барысында төрт жасар қызды осындағы жұмысшылардың бірі соққыға жыққаны анықталды. 1970 жылы туған ер адам қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны