30.12.2010, 13:27 3308

Алматы облысында үш адам қар құрсауынан босатылды

Алматы облысында үш адам қар құрсауынан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысында үш адам қар құрсауынан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 18.10 ТЖД кезекші бөліміне Үшарал-Достық тасжолының 95-шақырымында үлкен жүк көлігі мен үш адамның қар құрсауында қалғандығы туралы хабар келіп түскен.

4 сағат 50 минуттан кейін барлық азаматтар құтқарылып, "Достық" станциясына жөнелтілді. Ал жүк көлігі сол жерде қалды.

Құтқару жұмыстарына "Қазавтожол" мекемесінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны