16.04.2009, 18:22 3222

Алматы облысында үш адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

Алматы облысында үш адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

Алматы. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында үш адамды өлтірген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің төтенше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Көбейхан Нұрахмет хабарлады.

Алматы облыстық ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасының қызметкерлері 11 ақпанда Жамбыл ауданында жасалған кісі өлтіру қылмысын әшкерелеген. Ол кезде Жанат Мұсабаев пен ағалы-інілі Ернар және Бекнар Шүкебаевтарды өлтірді.

"Олардың мәйіттері Аққайнар және Үңгіртас ауылдарының арасындағы жолдың жетінші шақырымындағы алаңқайда, трассадан 25 метр жерден табылған. Оларды мойындарынан пышақтап және бастарынан атып өлтіргені анықталған. Жәбірленушілердің көлігі кейінірек басқа жерден табылды, оны өртеп жіберген еді", -деді К. Нұрахмет.

Оның айтуынша, Жамбыл облысында жасырынып жүрген жерінен кісі өлімдеріне қатысы бар екі күдікті құрықталды. "Оларды ұстауға Алматы облыстық ІІД-нің аппараты қылмыстық іздестіру бөлімінің оперативтік қызметкерлері, Жамбыл АІІБ қызметкерлері мен "Арлан" арнаулы бөлімшесінің сарбаздары қатысты. Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысында отыр, тергеу амалдары жүргізілуде", -деді аға инспектор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны