17.08.2006, 09:38 3300

Алматы облысында үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды

АСТАНА. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы облысында үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Талғар ауданында, Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 18-шақырымында 16-тамызда 8 сағат 30 минутта болған. "Мазда", "ВАЗ-2105" және тіркемесі бар "Стеир" жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан "Мазда" жанып кетті.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен бірге тағы екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Төтенше жағдайдың зардабын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны