21.02.2013, 10:38 3799

Алматы облысында жаңа туған нәрестені сату фактісі анықталды

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет мәлімдегенедей, Алматы облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне келіп түскен жедел ақпаратта Алматы тұрғындарының бірі жаңа туған нәрестені бірнеше мың АҚШ долларына сатпақшы екені айтылған.

Алматы. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында жаңа туған нәрестені сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет мәлімдегенедей, Алматы облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне келіп түскен жедел ақпаратта Алматы тұрғындарының бірі жаңа туған нәрестені бірнеше мың АҚШ долларына сатпақшы екені айтылған.

"Жіті тексеру арқылы ақпарат расталды да, полицейлер күдіктіні қолға түсіру үшін арнайы шара ұйымдастырды", - деді К.Нұрахмет.

"Полиция іс-шарасы "Алматы-Бішкек" тас жолында орналасқан қонақ үйлердің бірінде ұйымдастырылды. ІІД ҰҚҚБ қызметкерлері 28 жасар келіншекті өзінің жаңа туған қызын 6 000 АҚШ долларына сатып жатқан жерінде қолға түсірді", - деді ІІД-нің баспасөз қызметінде.

"Тергеуге дейінгі тексеру анықтағандай, сәби 2013 жылғы 13 ақпанда дүниеге келген. Күдікті әйел Алматы тұрғынына өз сәбиін сатпақ болған", - деп хабарлады ІІД-де.

Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаға қатысты жазалау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны