06.04.2007, 15:34 3493

Алматы облысында жасөспірімдерді ұрлап әкетумен айналысқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды

АСТАНА. 6 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматы облысында тұрмыстық жағдайлары нашар отбасыларынан жасөспірімдерді жыныстық қатынаста пайдалану үшін ұрлап әкетумен айналысқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция комитетінен хабарлады.

Комитеттің ақпараттарына сүйенсек, Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнаулы тобының бөлімшелерімен бірлесе отырып арнайы іс-шара өткізген. Нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ұрлап әкетуге қатасы бар Алматы мен Алматы облысының 10 тұрғыны құрықталды. "Қылмыстық топ жасөспірімдерді Алматыда қамап, оларға зорлық-зомбылық көрсете отырып, азаптап, зорлаған",- деп түсіндірді полицейлер.

Атап айтқанда, комитеттің ақпараттарына сүйенсек, олар 21-ақпанда Атакент көрме орталығының аумағынан 16-жастағы екі жасөспірімді ұрлап әкеткен. "Олардың біреуі - Боралдай аулының тұрғыны, хабар-ошарсыз кеткендер қатарында іздеуде болған, екіншісі - Алматы тұрғыны",- деп нақтылайды полицейлер. Олардың мәліметтеріне сүйенсек, жасөспірімдерге сегіз тәулік бойы күш көрсетілген.

Комитеттін мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық топты ұстағаннан кейін кәмелеттік жасқа толмаған үш бала босатылған, олардың екеуі жоғарыда көрсетілген және үшіншісі - Алматы тұрғыны.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны