13.09.2010, 14:02 3451

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында 12-қыркүйек күні жер сілкінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 13 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында 12-қыркүйек күні жер сілкінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметтеріне сүйенсек, қыркүйектің 12-сі, сағат 19.10-да Алматы облысының аумағында К=12,0 энергетикалық қуатымен жер сілкінген.

"Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан солтүстікке қарай 220 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулер MSK-64 бағамы бойынша Талдықорған қаласында 3-4 балл, Алматы қаласында - 2-3 балл шамасында тіркелген. ТЖМ-нан анықтағандай, құрбан болғандар мен қирандылар туралы мәліметтер түскен жоқ",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны