15.09.2011, 09:37 3560

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында 15 қыркүйекте 07 с. 50 мин. орын алған жерасты дүмпуінің кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 265 км жерде орналасқан.

Алматы. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Алматы облысында қуаты 5 балл шамасында жерасты дүмпулері тіркелген.

Алматы облысында 15 қыркүйекте 07 с. 50 мин. орын алған жерасты дүмпуінің кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 265 км жерде орналасқан.

ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес, координаты - 44? 18? с.е. мен 79? 51? ш.б. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша 4-5 балл көлеміне Жанкент қаласында да сезілген.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайында ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны