24.02.2011, 13:32 3716

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, кеше кешке, 23 ақпанда Алматы облысында күші 2-3 балл жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, зілзала 16 сағат 15 минутта тіркелді. Оның энергетикалық қуаты К=10,0 болды.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 239 шақырым жерде (Жетісу жотасы, Алматы облысы) орналасты. 2-3 балдық жерасты дүмпулері Текелі қаласында байқалған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер, қирандылар жөнінде мәліметтер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны